• Қабылдау және кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен Маңғыстау облысы үшін кадрларды даярлаудың Медиа жоспарын іске асыру мақсатында студенттер арасында «Болашақ мамандықты таңдауды түйсіну» тақырыбында эссе жазудан байқау өтті.

      Қатысушылар проблемалар мен жетістіктерді атап қана қоймай, кейбір мәселелерді шешу жолдарын ұсынуға тырысты, сонымен қатар жетістіктермен және жіберіп алған мүмкіндіктермен бірге қамтылды. Комиссия құрамы барлық эсселерді мұқият зерттей отырып, берілген тақырыпқа өзіндік көзқарасты ғана емес, сонымен қатар тілдің байлығы мен мазмұндық стилін де басшылыққа алды.

       Іс-шараға біздің университеттің әр институтынан 58 студент қатысты. Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор З. Джумакулов студенттерді дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.

      Байқау нәтижесінде Жаратылыстану институтының «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Атажанова Зулфия Камилжанқызы жүлделі I-орынмен марапатталды.

      Жүлделі II-орындармен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Имантаева Аяжан және Зулпыхар Айдана Талғатқызы, Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Физика» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Тәңірберген Құндызай Ерланбекқызы марапатталды.

      Жүлделі III-орындармен Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Тажигулова Ақбілек Жарасқызы, «Мәдени тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Аманбай Ботагөз Дидарқызы, «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Слямова Ақбота, Филология институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Ханат Айсулу және Физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Кітапхана ісі» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Тұран Ақзере марапатталды.

      Ал басқа қатусышыларымыз алғыс хаттармен  марапатталды.

      Құрметті жас буын! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің есігі сіздер үшін әрқашан ашық. Таңдау жасау өз қолыңызда!

      Бөлісу: