QYZPU студенттері «Студенттік спорт лигасының 2 -ші орын иегерлері



    •    QYZPU студенттері «Студенттік спорт лигасының 2 -ші орын иегерлері

      2024 жылдың сәуір айының 24-28 күндері аралығында Алматы қаласында Алматы энергетика және байланыс университетінде Жоғары оқу орындары арасындағы футзалдан студенттік спорт лигасы өтті.

      Жарысқа 8 команда қатысты. Олар: Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Тұран университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті командасы. Бес күнге созылған жарыста біздің «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті»  командасы студенттік спорт лигасында жүлделі 2 – ші орынды иеленіп, Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге алғашқы жолдамалардың бірін жеңіп алды.

                                                

      Жарыс қорытындысы бойынша:

      • 1 – орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
      • 2- орын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
      • 3 – орын Қазақ спорт және туризм академиясы
      • 4- орын Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу Университеті
      • 5 - орын Тұран университеті
      • 6 – орын Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
      • 7 – орын Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
      • 8 – орын  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

       Командамыздың мақтаныштары: Педагогика және психология институтының «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 4 курс студенттері  Абулхасенова Назерке команда  капитаны, Бағдаулетова Махарат, Кузтай Айдана, Азаматова Аэлита. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3 курс студенттері Узакбаева Қарлығаш, Стерликова Мария, Регласова Анна. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенттері Ибраева Нурай. «Арнайы педагогика» мамандығының 2 курс студенті Телемесова Сұлупан. Физика, математика және цифрлық технология институтының «Физика» мамандығының 2 курс студенті Айыпхан Мерей, 1 курс студенті Бурибек Ұлдана, «Математика» мамандығының 1 курс студенті Абдуллаева Замира.

      Команда жаттықтырушысы «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Бисариев Ибрагим Бекешович.

      Бөлісу: