«Тұмар» студенттік театры ашылды



    • «Тұмар» студенттік театры ашылды

      Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Тұмар» студенттік театры ашылды. Талантты студенттерден құралған ұйымның мақсаты: қазақ қыздарының шамшырағына айналған ұлттық университетімізге жаңа дем беріп, аруларымыздың жұлдызын жағу. Театр өнері ежелден адамзат мәдениетінің биігі деп санауға болады.Үлкен сахнаға бейімделу арқылы студенттік өмірді қызықты әрі көңілді өткізуді ниет еткен білімгерлер көрерменге таза, шынайы, ең бастысы өмірлік құндылығы бар дүниелерді көрсетуді қалайды.

                                                       

      Мәжіліс залында өткен  ашылу салтанатында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Қанай Гүлмира Әмірханқызы құттықтау сөз сөйлеп, өнерлерін ортаға салған аруларға  сарқылмас шабыт пен толағай табыстар тіледі. Ашылу салтанатынан кейін театрдың алғашқы «БҰРЫМ» қойылымының шымылдығы ашылды. Көрермендерге жаңа әсер сыйлаған театр ұжымына алғыс айта отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!

                                                     

       

      Бөлісу: