Университет қызметкерлері БҒМ марапаттарына ие болды



    • Университет қызметкерлері БҒМ марапаттарына ие болды

       АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бір топ қызметкері «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хатпен марапатталды.

      Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыруға қосқан зор үлесі үшін «Құрмет» грамотасымен Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Қымбат Балажанова, Өнер және менеджмент институтының директоры – Медиа департаментінің басшысы Әділхан Шорабек, Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Иманбекова, Теориялық және практикалық психология кафедрасының бағдарламалық көшбасшысы Альмира Аяпбергенова мен Орыс тілі кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы Гүлнар Шаинова марапатталды.

      Ал еліміздің жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін «Алғыс» хатпен Тіркеуші кеңсе бөлімінің басшысы Дариға Жарықбаева, География кафедрасының аға оқытушысы Мақпал Тоқсабаева,  Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылым бөлімінің жетекшісі маманы Әлия Чанчарова марапатталды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

        

      Бөлісу: