Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №30



    • Инфо-дайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары». №30

      АЛМАТЫ. 28 желтоқсан. Баспасөз орталығы – 2020 жылғы 21 – 25 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      21.12.2020

      – 2020 жылғы 14 – 18 желтоқсан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      22.12.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Facebook және Vkontakte әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары ақпараттық тартымдылығы жағынан үздік деп танылды. Бұл туралы «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жиында мәлім болды.

      ***

      – Биыл ұлт өнерінің майталманы, бүгінгі қазақ эстрадасының негізін салушылардың бірі һәм бірегейі, композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл. Аты аңызға айналған сазгердің есімін ұлықтау, оның өміршең туындыларын жаңғырту мақсатында халықаралық ән байқауы өтеді.

       

      23.12.2020

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің білім алушыларының ғылыми әлеуетін көтеріп, жастардың шығармашылық қарым-қабілетін арттыруды мақсат еткен «Startup-Tomiris» инновациялық жобалар байқауының жеңімпаздары анықталды.

      ***

      – Даңқты сазгер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Бәрінен де сен сұлу» атты халықаралық ән байқауы мәреге жетті.

      ***

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жанынан құрылған Қазақстан жас педагог ғалымдары Қауымдастығының бастамасымен отандық жоғары оқу орындары оқытушыларының арасында республикалық байқау қолға алынды.

       

      24.12.2020

      – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің бұйрығымен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бір топ қызметкері «Құрмет» грамотасы және «Алғыс» хатпен марапатталды.

      ***

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті төл тарихында тек жоғары білікті педагог мамандар даярлап қана қоймай, еліміздің өнер мен мәдениет саласының дамуына да елеулі үлес қосып келеді. Талантты жастардың шығармашылық әлеуетін шыңдап, дарынын ұштау мақсатында оқу орнында халықаралық ән байқауы мәреге жетіп, жеңімпаздар анықталды.

       

      25.12.2020

      –  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айнагүл Ершинаның 70 жылдық мерейтойына орай халықаралық ғылыми жиын өтті.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: