«Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Роза Әлқожа



    • «Дара университеттің даңқты түлектері» жобасы: Роза Әлқожа

      АЛМАТЫ. 9 ақпан. Баспасөз орталығы – Роза Әлқожа 1981 жылғы 1 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетін және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Өнер және мәдениет факультетін тәмамдаған.

      Мектеп қабырғасында оқып жүргеннен бастап әдебиетке бейім, өлең жазуға құштар дарынды жас білім мен ғылымның қарашаңырағында білім ала жүріп, түрлі деңгейдегі мереке, іс-шара және байқауларға қатысып, өзінің әншілік және композиторлық қырын танытады. Оқу орнын бітірген соң «Ақжол – Қазақстан» республикалық қоғамдық-саяси газетінің өнер бөлімінде қызмет атқарады. Десе де өнермен байланыста қызмет ете жүріп, осы арнаға біржола бет бұруға шешім қабылдайды.

      Әншінің алғашқы альбомы «Мен сыйға тартқан орамал» деген атпен 2008 жылы жарық көрген. Роза Әлқожаның «Жылатқаның неткенің», «Қара күз», «Мен сыйға тартқан орамал», «Жүрек назы», «Ән салшы, Роза», «Мына өмір ғажап қандай» әндерін тыңдарман қауым жылы қабылдап, шығармалары халықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Сонымен қатар композитор Баян Нұрмышеваның орындауындағы «Жібектің елі», Еркін Нұржановтың орындауындағы «Қаңтарда жауған жаңбыр», Ақбота Керімбекованың орындауындағы «Орындалмас тілегім», Ажар Түзелбекқызының орындауындағы «Сағындым сені», «Бақыттымын» және Ләззат Жоламанованың орындауындағы «Сағынғаным болмаса» сынды әндерді жазды.

      Р. Әбдіразаққызының бүгінгі күнге дейін бірнеше ән альбомы жарық көрді. Ол «Мұқағали Мақатаев атындағы» медальмен марапатталған.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: