Қыздар университеті үздік атанды



    • Қыздар университеті үздік атанды

      АЛМАТЫ. 9 ақпан. Баспасөз орталығы – Қыздар университетінің баспасөз қызметі көш бастады! Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желідегі көрсеткіштері бойынша үздік атанып, қазақстандық ЖОО арасындағы рейтингте 114 баллдық көрсеткішпен бірінші орынға ие болды.

      Мониторингті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жүргізді.

      Рейтингке мемлекеттік, салалық және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.

      Сараптама барысында оқу орнының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген имидждік материалдар саны басты назарға алынған.

      Мониторинг әр екі апта сайын жүргізіледі және оның нәтижесі ведомствоның жиынында жарияланып отырмақ.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: