«Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Айнұр Бақытжанова



    • «Жетістікке жеткен жастар» жобасы: Айнұр Бақытжанова

      АЛМАТЫ. 10 ақпан. Баспасөз орталығы – Айнұр Бақытжанова – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Тарих және шетел тілдері институтының 2 курс магистранты.

      Ол қандай жетістікке жетті?

      Айнұр Бақытжанова – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев стипендиясының иегері.

      Оның өзге қандай табыстары бар?

      Айнұр Бақытжанова – көптеген ғылыми конференциялар мен пәндік олимпиадалардың жеңімпазы. Атап айтқанда, ол «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағы SMART NATION.KZ марафонында өзекті баяндама мен ғылыми жұмысы үшін І-ші дәрежелі дипломмен, Х Республикалық пәндік олимпиадаға қатысқаны үшін ІІІ-ші дәрежелі дипломмен және тағы да басқа «Алғыс хаттармен» марапатталған.

      Ол Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Ақпараттық талдау орталығында» әлеуметтанушы-сарапшы қызметінде және Қыздар университетінде әлеуметтанушы-практик ретінде педагог болып еңбек етті.

      Оның қандай мақсаты бар?

      – Алған білімім мен еңбегім арқылы Қазақстанның ғылыми әлеуетін көтеру, әлеуметтану ғылымының дамуына үлес қосып оны әлемдік аренаға шығару басты мақсатым. Сонымен қатар қоғамда өзекті болып тұрған әлеуметтік мәселелерді талдап, зерттеп-зерделеп еліміздің әлеуметтік саясатының қарыштауына да өзіндік септігімді тиігізгім келеді, – дейді Айнұр Бақытжанова.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: