Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні



    • Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

       АЛМАТЫ. 11 ақпан. Баспасөз орталығы – Бүгін – Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні. Атаулы дата Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 2016 жылғы 11 ақпаннан бастап аталып өтіп келеді.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық әрі тең қол жеткізуіне және олардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, ғалым әйелдерге демеу көрсетуге, олардың ғылым мен техника салаларындағы ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын қолдауға бағытталған жобалар мен шаралар жүргізіліп келе жатыр.

      – Соңғы 15 жылда дүние жүзі бойынша нәзікжандыларды ғылымға көбірек тарту бойынша көптеген істер атқарылуда. Десе де бұл тарапта олардың қатары көбеймей отыр. Ресми мәліметтерге сүйенер болсақ, әлем бойынша ғалым әйелдердің үлес салмағы 28,4 пайызды құрайды. Олардың басым көпшілігі бакалавр және магистрлер. Ал PhD докторлардың саны айтарлықтай аз. Біздің міндет осыны арттыру, – дейді әлемдік ұйым өкілдері.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: