Жұмыс берушілер мен түлектер арасында кездесу өтті



    • Жұмыс берушілер мен түлектер арасында кездесу өтті

      Өнер және менеджмент институты, Кітапханатану және библиография кафедрасының ұйымдастыруымен кафедра түлектері мен жұмыс берушілері арасында кездесу ұйымдастырылды. Жұмыс берушілерден ҚР Ұлттық кітапханасының әдістемелік бөлім меңгерушісі Маханбетова Гүлмира Абылайханқызы мен Алматы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Кабиева Роза Қасымбекқызы қатысты.

      Шараға кафедраның бітіруші түлектері қатысты. Кездесу студенттерді мамандықтары бойынша жұмысқа тарту мақсатында ұйымдастырылды. Жұмыс беруші тарап бүгінгі таңда Қазақстанның әрбір өңіріндегі еңбек нарығындағы, кітапхана ісі  мамандығының өзектілігі туралы толық ақпарат беріп, өздерінің ұйымдары туралы және бүгінгі таңда студенттер үшін ашылатын мүмкіндіктер жөнінде әңгімеледі.

      Сонымен қатар, студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, толғандырған сұрақтарын қоя білді. Кездесу барысында алынған ақпарат бүгінгі күні кітапхана ісі мамандарына, соның ішінде кітапханашы қызметкерлеріне жоғары сұраныстың барын растауға мүмкіндік берді.

      Іс-шара аяқталғаннан кейін қонақтар студенттердің оқуына табыс және болашақта жұмысқа орналасуына тілек білдіріп, келешектегі кәсіптік қызметтегі білімдері мен дағдыларын жетілдіруге және Қазақстандағы кітапхана ісін дамытуға жұмсайтын жұмысты жалғастыруларына табыс тіледі.

       

      Бөлісу: