Информатика және қолданбалы математика кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу



    • Информатика және қолданбалы математика кафедрасы жұмыс берушілермен кездесу

      11.02.2021 ж. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әдістемелік бөлімінің ұйымдастыруымен университеттің Физика, математика және цифрлық технологиялар жоғары мектебінің деканы, Информатика және қолданбалы математика кафедрасының бағдарлама көшбасшысы, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер және жұмыс берушілер, яғни Алматы, Шымкент қалаларындағы және Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы төмендегі көрсетілген мектептер мен ұйымдар: «№55 орта мектеп», «№107 лицей», «№53 мектеп-гимназия»,  «№122 жалпы білім беретін мектеп», «Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназия», «Қазақ-Америка университетінің жанындағы орта мектеп», «Қ. Қайсенов атындағы №4 жалпы білім беретін мектеп», «Шиен орта мектебі», «№83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп», «№84 Циолковский атындағы жалпы білім беретін мектеп», «Қазақстан-Ресей Медициналық университеті», «Қапшағай көпсалалық колледж», «Жаңатас көпсалалы колледжі», И.П. Халипов атындағы №1 жалпы білім беретін орта мектеп, С. Ерубаев атындағы жалпы орта мектеп, Талдықорған қаласынан №28 мектеп-гимназия, «Күреңбел қазақ орта мектебі», «№194 орта мектеп, «Болашақ мектебі», «Е.Юсупов атындағы №104 орта мектеп», «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі», «№75 орта мектеп»  өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында 6В01506-Информатика, 6В01514-Информатика және Робототехника, 6В06101-Цифрлық аналитикалық білім беру жүйелерін жобалау, 6В06102 – Ақпараттық жүйелер білім беру бағдаламаларының мазмұны талқыланып, жұмыс берушілер болашақ мамандардың бойында қандай негізгі құзыреттіліктердің болуын қалайтындарын және БББ-да қандай практикаға, өндіріске негізделген пәндерді көргілері келетіні жайында ұсыныстары жасалды.

      Сонымен қатар, қосымша минордың да пәндері талқыланып, қосарланған БББ-дың да болуын айтып, өзекті мәселелер қарастырылды. Университет, жұмыс берушілермен етене жұмыс жасап, БББ-ның мазмұнын жаңартып, сапасын жоғарылатуды көздеген. Мектептермен және мамандандырылған ұйымдармен тығыз байланыс орнатып, алдағы уақытта мазмұнды, бәсекеге қабілетті БББ дайындап, қазіргі нарыққа сай мамандардың университет қабырғасынан шығаратынымызға сеніміміз мол!

      Бөлісу: