Бағалы кітаптардың цифрлы көшірмесі жасалды



    • Бағалы кітаптардың цифрлы көшірмесі жасалды

      АЛМАТЫ. 28 мамыр. Баспасөз орталығы –  2020 жылы Қыздар университетінің электронды кітапханасы 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдары мен XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасады.

      Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың электронды нұсқасы да жүктелді.

      Кітапхана оқырмандарының кез келген әдебиетті компьютерге немесе мобильді телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

      Айта кетейік, оқу орнының электронды кітапхана қорында 10 мыңнан астам әдебиет сақтаулы. Оның ішінде лицензияландырылған таспалар, оқулықтар мен сирек басылымдардың электронды және цифрландырылған нұсқалары бар.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: