Ғылыми байқаудың жеңімпаздары анықталды



    • Ғылыми байқаудың жеңімпаздары анықталды

       АЛМАТЫ. 3 маусым. Баспасөз орталығы – Қыздар университетінде «География» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттері ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы аяқталып, жеңімпаздар анықталды.

      Білім алушылардың зияткерлік әлеуетін көтеру, олардың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі конкурсқа жалпы саны 20 ғылыми жоба келіп түсті.

      Арнайы құрылған сарапшылардың шешімімен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің студенті К. Ташаменовтың «Ақтөбе облысына «Smart-village» концепциясының элементтерін енгізу» тақырыбындағы ғылыми жобасы үздік деп танылды.

      Екінші орынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Б. Дәутәлінің «Жетісу Алатауының оңтүстік тау алды жазықтарында жүгері өсірудің инновациялық технологиялары» атты жобасы және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің И. Беріктің «Алматы қаласының инновациялық дамуының экологиялық-географиялық негіздері» атты жобасы ие болды.

      Үшінші орынды І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті студенттерінің «Майтөбе өзені аңғарындағы жоғары палеоген қазынды фаунасының кайнозой эрасындағы Жетісу өңірі табиғатының эволюциялық дамуын зерттеудегі алатын орны», А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенті А. Омарованың «Развитие исследовательских навыков обучающихся в системе дистанционного обучения» және М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті А. Галиуллинаның «Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселелері» тақырыбындағы жобалары алды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: