Студенттердің республикалық ғылыми байқауы аяқталды



    • Студенттердің республикалық ғылыми байқауы аяқталды

       АЛМАТЫ. 4 маусым. Баспасөз орталығы – Қыздар университетінде «Тарих» мамандығы бойынша жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауы аяқталып, жеңімпаздар анықталды.

      Білім алушылардың зияткерлік әлеуетін көтеру, олардың ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуға дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылған дәстүрлі байқауға жалпы саны 16 ғылыми жоба келіп түсті.

      Арнайы құрылған сарапшылардың шешімімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Талшын Бақытжанқызының «Академик Кеңес Нұрпейісұлы ғылыми мұрасының қазақ жастарының тарихи санасын қалыптастыруда алатын орны» тақырыбындағы ғылыми жобасы үздік деп танылды.

      Екінші орынға Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің студенті Анар Тылахметованың «Абылай хан саясатының кейбір қырлары (мұрағаттық деректер негізінде)» атты жобасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Умирниса Каримбаеваның «Иконический поворот: область визуального в исторических исследованиях» атты жобасы ие болды.

      Үшінші орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті Индира Азимбаеваның «Рухани жаңғыру аясында қазақ еліндегі ортағасырлық тарихи-сәулет мұраларын дәріптеу», Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Бағлан Байдалының «Әлкей Марғұлан мұралары – ұлттың рухани байлығы», М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Дмитрий Жолтецкийдің «Процесс этногенеза казахского народа и народов Центральной Азии: общее и особенное» тақырыбындағы жобалары алды.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: