«Жетістікке жеткен жастар»: Алтынзер Ахметғалиева



    • «Жетістікке жеткен жастар»: Алтынзер Ахметғалиева

       АЛМАТЫ. 4 маусым. Баспасөз орталығы – Қайырлы күн, достар! Менің есімім – Алтынзер. Мен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің түлегімін.

      Қыздар университетінде оқу – маған мол мүмкіндіктер берді: сапалы білім алдым, көптеген шет мемлекеттерде болдым, өмірлік мақсаттарым айқындалды.

      Университеттің қосдипломды білім беру бағдарламасы арқылы АҚШ-тың Миссисипи алқабы мемлекеттік университетінде білімімді жетілдіріп, екі елдің дипломына ие болдым.

      Бұл бағдарламамен білім алу арқылы Сіз халықаралық тәжірибені меңгересіз, оқуды аяқтағаннан кейін отандық және халықаралық ұйымдарда жұмыс істей аласыз, әлемдік деңгейдегі ғалымдардың дәрістерін тыңдайсыз.

      Бұның барлығына Қыздар университеті арқылы қол жеткіздім.

      Рақмет саған, қарашаңырақ!

      Шынайы ниетпен, Алтынзер Ахметғалиева

       

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: