БАҚ өкілдері университет Ректорының Алғыс хатымен марапатталды



    • БАҚ өкілдері университет Ректорының Алғыс хатымен марапатталды

      АЛМАТЫ. 28 маусым. Баспасөз орталығы – 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Атаулы датаға орай бірқатар бұқаралық ақпарат құралының өкілдері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанайдың Алғыс хатымен марапатталды.

      «Сізді Қазақстан Республикасының байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сізге кәсіби шеберлігіңіз бен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің қызметін жан-жақты насихаттаудағы ақпараттық қолдауыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біздің ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да өзара тиімді қарым-қатынаста болатынына кәміл сенімдімін. Сізге жаңа шығармашылық жобаларды іске асыруда шалқар шабытыңыздың арта түсуіне тілектеспін. Сізге және Сіздің туған-туыстарыңызға зор денсаулық, баянды бақ-береке тілеймін» делінген Алғыс хатта.

      Айта кетейік, қоғамның тыныс-тіршілігінен, әлеуметтің әл-ауқатынан, руханияты мен мәдениетінен хабар тарататын қалам иелері 2004 жылдан бері маусым айының соңғы жексенбісін журналистер күні ретінде атап өткенімен, 2011 жылдың 20 қазанында Мемлекет басшысының Жарлығымен маусым айының 28 жұлдызы – «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып белгіленген болатын.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

      Бөлісу: