Педагогтердің тамыз кеңесі өтуде



    • Педагогтердің тамыз кеңесі өтуде

       АЛМАТЫ. 12 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақстан Республикасы педагогтерінің тамыз кеңесі өтуде. «Мұғалім тәжірибесіне әдістемелік қолдау көрсету» жалпы тақырыбы аясындағы шара 17 тамызға дейін жалғасады.

      Дәстүрлі жиын аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, жетекші және пилоттық мектептердің педагогтері онлайн форматта вебинарлар, шеберлік сабақтар мен презентациялар өткізеді. Сонымен қатар халықаралық сарапшылардың эксперттік пікірлері ұсынылады.

      Тамыз кеңесі барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім академиясы жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын білдіреді.

       

      Конференция барысында төмендегі тақырыптар қарастырылады: 

      - Оқу үдерісінде оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жолдары;

      - Мектеп қауымдастығындағы оқушылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқаты мәселелері;

      - Ағымдағы және қорытынды бағалаудың форматы мен мазмұны Ковидтен кейінгі кезеңдегі оқу үдерісінің ерекшеліктері, білім беру саласын цифрландырудың маңызы;

      - Білім берудегі жасанды интеллектінің мүмкіндіктері;

      - Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері.

       

      Трансляция келесі YouTube-каналдар арқылы жүргізіледі: 

      https://www.youtube.com/c/NISTamyzConf2021QAZ

      https://www.youtube.com/c/NISTamyzConf2021RUS

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com

       

      Бөлісу: