Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды



    • Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

       НҰР-СҰЛТАН. 23 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай  мен «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Басқарма төрағасы Әсел Мұхаметжанова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

      Келісім шеңберінде тараптар орта кәсіп-техникалық және жоғары білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және кәсіби шеберлігін жетілдіруге байланысты мәселелерде ақпарат алмасу және ынтымақтастық орнату, жоспарланған және өткізілетін біліктілікті арттыру курстары туралы ақпаратты ресурстарға орналастыруды жүзеге асырады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: