Гүлмира Қанай тамыз конференциясының пленарлық сессиясына қатысты



    • Гүлмира Қанай тамыз конференциясының пленарлық сессиясына қатысты

       АЛМАТЫ. 23 тамыз. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай педагогтердің республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясына қатысты.

      «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында өткен жиында оқу орнының басшысы «Қазақстандағы педагогикалық білім беруді дамыту» тақырыбында баяндама жасап, отандық педагогикалық білім берудің сапасын арттыру мақсатындағы ұсыныстарымен бөлісті.

      Баяндаманың тезисімен мына жерден таныса аласыз.

      ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ұйымдастырылған басқосуға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім беру саласындағы сарапшылар қатысты.

      Пәндік және панельдік сессиялар Facebook, Instagram және ҚР БҒМ, ведомствоның құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынышты ұйымдардың YouTube арналарында көрсетілді. 

      Жиынға қатысушылар білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің кәсібилігін жетілдіру, үздіксіз білім беру мәселелері, білім беру сапасын бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдер мәселелерін талқылады.

      Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 07

      e-mail: kyzdaruniversity_press@gmail.com 

      Бөлісу: