Білім берудің цифрлық трансформациясына арналған халықаралық конференция өтеді



    • Білім берудің цифрлық трансформациясына арналған халықаралық конференция өтеді

       АЛМАТЫ. 28 қыркүйек. Баспасөз орталығы – «Білім берудің цифрлық трансформациясы: білім, ғылым, индустрия». Осындай атаумен 25 қазанда Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

      Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған басқосу онлайн форматта ұйымдастырылады.

      Конференция жұмысы 3 негізгі бағыт бойынша жүргізіледі.

      Жиын барысында отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандар «Заманауи білім берудегі аралас және қашықтықтан оқыту технологиялары», «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау», «Цифрлық трансформациялау жағдайындағы жаратылыстану ғылымдарының  мәселелері» секциялары бойынша пайдалы ақпараттарымен бөліспек.

      Конферецияға келіп түскен мақалалар негізінде арнайы жинақ шығарылады.

      Мақала мен тіркелу өтінішін өткізу мерзімі: 2021 жылдың 16 қазанына дейін.

      Конференцияға ұсынылатын мақалада ғылыми зерттеулердің көкейкестілігі, нәтижелері немесе практикалық маңызы ашылуы тиіс.

      Мақаланың электрондық нұсқасы fizmat.dekanat@qyzpu.edu.kz поштасы арқылы жіберілуі тиіс.

      Ұйымдастыру комитеті туралы ақпарат:

      050000, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 114, К1, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Физика, математика және цифрлық технологиялар институты, № 413 каб.

      Байланыс телефондары: 7 702 780 2472, +7 707 508 5798.

      Конференцияның ақпараттық хатымен мына жерден таныса аласыз.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: