Университетте талантты білім алушылардың саны артуда



    • Университетте талантты білім алушылардың саны артуда

       АЛМАТЫ. 29 қыркүйек. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде талантты білім алушылардың саны артып келеді! Биыл оқу орнына 183 «Алтын белгі» және 203 «Үздік аттестат» иегері қабылданды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары.

      2021-2022 оқу жылында университетке колледж, бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша 3 802 білім алушы қабылданды.

      Соның ішінде колледж бойынша 199, бакалавриат бойынша 3 438, магистратура бойынша 142, докторантура бойынша 23 талапкер университетке қабылданды.

      Бакалавриат бойынша 883 студент мемлекеттік білім беру грантының иегері.

      P.S.: Ағымдағы оқу жылында оқу орнының жалпы контингенті 8 354 білім алушыны құрайды.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz 

      Бөлісу: