Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту

    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы (т.ғ.к., Құқық және басқару негіздері кафедрасының доценті Қожабекова Ақмарал Дабыртайқызы; Жалпы педагогика кафедрасының профессоры м.а. Бұлақбаева Мейрамгүл Кеңесбайқызы; п.ғ.к., Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының доценті Арзанбаева Бақытжамал Оразғалиқызы; пс.ғ.к., Психология кафедрасының аға оқытушысы Байздрахманова Алия Камидулловна; әлеуметтік ғылымдар магистрі, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының аға оқытушысы Тоқтағұлова Гаухар Бекенқызы) ағымдағы жылдың маусым-тамыз айлары аралығында онлайн оқудан өтті.

      Онлайн оқыту курсында мынадай тақырыптар қамтылды: «Балаға адам құқықтарын оқыту. Балалардың құқықтарын зорлық-зомбылықтан, буллинг және кибербуллингтен қорғау», «Жанжалдарды шешудің медиативті формалары. Балаларды, педагогтер мен ата-аналарды тарта отырып, «Білім беру мекемелерінде медиация қызметін» құру тәжірибесі»,  «Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормаларды тиімді қолдану бойынша қашықтан оқыту нысандары мен білім беру құралдары».

      Оқу барысында ғылыми жобалар орындалып, зорлық-зомбылық, буллинг және кибербуллинг жағдайында балалардың құқықтарын қорғау бойынша баяндамалар ұсынылды.

      Барлық оқытушыларға аталған құқықтық мәселедегі құзыреттілікті растайтын халықаралық үлгідегі Сертификат табысталды.

      Әріптестерімізді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтаймыз!

      Токтагулова Гаухар Бекеновна

      Кожабекова Акмарал Дабыртаевна

      Булакбаева Мейрамгуль Кенесбаевна

      Байздрахманова Алия Камидулловна

      Арзанбаева Бакытжамал Оразгалиевна