Бүгін – кітапханашылардың кәсіби мерекесі



    • Бүгін – кітапханашылардың кәсіби мерекесі

      АЛМАТЫ. 15 қазан. Баспасөз орталығы – Бүгін – кітапхана жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Кітапханашылардың мәдени мұраны сақтауда үлкен рөл атқарады.

      Қазіргі таңда Университетіміздің Ғылыми кітапханасы оқырмандарды кітаппен қамтамасыз ету, оқу залында кітап қорының ашық қолжетімділігін ұйымдастыру, электронды құжат алмасу, кітапхана сайты арқылы халықаралық дерекқорлар каталогын пайдалану, электронды мәліметтер беру сынды қызметтерді көрсетеді.

      Кітапханадағы әдебиеттер қоры 1 млн-нан асады. Басылымдардың 700 мыңға жуығы оқу құралдары болса, 192 мыңнан астамы ғылыми бағыттағы кітаптар. Ал көркем әдебиеттің үлесі 142 мың көлемде.

      Сондай-ақ Университеттің кітап қорында 54 мың шамасында сөздіктер, анықтамалықтар мен энциклопедиялар сақтаулы. Жалпы әдебиеттердің 936 512-сі қазақ тілінде, 120 939-ы орыс тілінде және 10 327-і шетел тілдерінде.

      2020 жылы Қыздар университетінің электронды кітапханасы 20 ғылым саласы бойынша оқу құралдары мен XIX ғасырда жарық көрген 300-ге жуық құнды әдеби жәдігерлердің цифрлы көшірмесін жасады.

      Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шыққан «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың электронды нұсқасы да жүктелді. 

      Кітапхана оқырмандарының кез келген әдебиетті компьютерге немесе мобильді телефонға жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған.

      Құрметті кітапхана ұжымы! Сіздердің атқарып отырған қызметтеріңіз бағалы қазынаны сақтауда және ұлт әлеуетін арттыруда маңызы зор.

      Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, игілігі зор еңбектеріңізге табыс тілейміз!

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: