Заманауи педагогтің бойында болу тиіс 10 қасиет



    • Заманауи педагогтің бойында болу тиіс 10 қасиет

      АЛМАТЫ. 29 қазан. Баспасөз орталығы – Мектеп табалдырығын аттаған оқушыны ел азаматы қылып тәрбиелеу – білім беру жүйесіндегі басты тұлға – мұғалімнің міндеті.  Басқаша айтқанда, жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген оқушының өзін-өзі тануға ұмтылуына, ізденуіне жол ашу, заман талабынан қалмай, жаңа технологиямен жұмыс жасай отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру мұғалім құзыреттілігіне, бойындағы қасиеттердің жеткіліктілігіне тікелей байланысты.

      «Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым-қатынасы», – деп Авраам Линкольн айтқандай, педагог өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның оқушылармен арадағы тиянақты қарым-қатынасы.

      Мұғалімнің жеке және кәсіби қасиеттерінің тізбесін жасауға талпыныстың ұзақ тарихы бар.

       

      Біз бүгін Сіздердің назарларыңызға заманауи педагогтің бойында болуы тиіс 10 қасиетті ұсынамыз:

      1. Ұстамдылық;

      2. Ілтипаттылық;

      3. Дәйектілік;

      4. Талап қоя білушілік;

      5. Өз кәсібіне адалдық;

      6. Ептілік;

      7. Орынды қалжың, т.б.

      8. Даналық;

      9. Адам жан-дүниесін терең білу;

      10. Әрбір оқушымен тіл табыса білу.

       

      Ең бастысы – педагогикалық әдеп. Ол мұғалімнің ең басты моральдық қасиеттерінің бірі.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: