Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №28



    • Инфо-дайджест: Аптаның айтулы оқиғалары. №28

      АЛМАТЫ. 1 қараша. Баспасөз орталығы – 2021 жылғы 25 – 29 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары.

       

      25.10.2021

      АЛМАТЫ

      – Қымбатты достар! Біз Университетіміздің танымал түлектерін танытуды жалғастырамыз. Рафиқа Бекенқызы Нұртазина – отандық педагогиканың негізін салушы, реформатор-ұстаз, Социалистік Еңбек Ері, Республиканың еңбек сіңірген мұғалімі, Алматы қаласының Құрметті азаматы. 1921 жылғы наурызда Павлодар облысының Павлодар ауданында дүниеге келген. 1951 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Филология факультетін үздік бағамен бітірген.

      *****

      АЛМАТЫ

      – FAQ: Алматы мен кампус аумағындағы өмір туралы білгім келеді.

      *****

      26.10.2021

      АЛМАТЫ

      – Біздің Университеттің 2 курс студенті Айдана Құзтай футболдан Қазақстан кубогінің күміс жүлдегері атанды.

      *****     

      АЛМАТЫ

      – Құрметті бакалавриат және магистратура білім алушылары! Сіздерді 2021-2022 оқу жылының 2 семестріне арналған (қаңтар-мамыр) Перпиньян Университетіне (Франция) «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз. Өтініштерді қабылдау дедлайны: 21.11.2021 ж.

      *****      

      АЛМАТЫ

      – «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» республикалық байқауының жеңімпазы 6 миллион теңге шамасында сыйақы алады. Байқауға қатысу үшін құжаттарды қабылдау 1 қарашадан басталып, 15 қарашаға дейін жалғасады.

      *****  

      27.10.2021

      АЛМАТЫ

      – Биыл 1 қарашада магистратураға түсу үшін екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдау басталады.

      *****   

      28.10.2021

      АЛМАТЫ

      – «Қазақстанның жаңа мамандықтары мен құзыреттерінің атласы» негізінде 2030 жылдан кейін пайда болатын болашақтың 9 мамандығы анықталды. Біз бүгін жаңа мамандықтарды таныстырамыз.

      *****

      АЛМАТЫ

      – Құрметті магистратура және докторантураға түсушілер! Біз бүгін Сіздерге маңызды ақпараттарды ұсынамыз. Өтініштерді қабылдау мерзімі: 1-12 қараша аралығы. Магистратураға түсу емтиханы: 13-15 желтоқсан аралығы. Докторантураға түсу емтиханы: 18 қараша – 11 желтоқсан аралығы.

      ***** 

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы –Ректор Гүлмира Қанай Желтоқсан оқиғасына қатысушыларымен кездесіп, құрмет көрсетті.

      ***** 

      29.10.2021

      АЛМАТЫ

      – Ел егемендігінің 30 жылдығына және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай біздің Университетте «Тәуелсіздік таңы» атты кеш өтті. Жиынға кеңестік империяның іргесін шайқалтқан қазақ жастарының толқуына қатысушылар қатысып, студенттерге естеліктерімен бөлісті.

      *****  

      АЛМАТЫ

      – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде студенттік Media Club құрылады. Клуб бірнеше бағыт бойынша жұмыс атқармақ. Ұйым құрамына қабылданған белсенді студенттер өз Университеттерінің қоғамдағы имиджін көтеруге атсалысатын болады.

      *****  

      АЛМАТЫ

      – Ағылшын тілін толық меңгеруді қалайсыз ба? Жылдам әдіспен ағылшын тілін үйренгіңіз келе ме? Мүмкін сөздік қорыңызды арттыруды көздейтін шығарсыз?.. Онда Сіздерді біздің Университетте ашылған English club-қа шақырамыз.

      *****   

      АЛМАТЫ

      – Заманауи педагогтің бойында болу тиіс 10 қасиет.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: