Педагогикалық идеялар фестивалі өтеді



    • Педагогикалық идеялар фестивалі өтеді

       АЛМАТЫ. 1 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде тұңғыш рет педагогикалық идеялар фестивалі өтеді. «Кластерлік білім беру – жүзеге асыру және перспективалары» атты іс-шараға республикалық білім беру саласының басшылары, Алматы қаласы және Алматы облысының мектеп мұғалімдері және педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысады.

      Біздің Университеттің бастамасымен ұйымдастырылатын фестивальдің басты мақсаты –  өмір бойы үздіксіз білім беру қағидасын жүзеге асыру.

      – Заманауи мектеп алдына қойылған міндеттерді шешуде мұғалім жұмысының маңызы зор. Бұл орайда педагогикалық жоғары оқу орны мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату өте өзекті. Фестиваль барысында ұстаз мамандарын даярлайтын оқу орындары, колледждер мен мектептер арасында өзара іс-қимылды нығайту басты назарға алынып отыр. Бұл өз кезегінде қоғамдағы мұғалім мәртебесінің артуына тың серпін береді деп ойлаймыз, – деп атап өтті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Жандар Асан.

      Фестивальдің алға қойған міндеттерінің қатарында қазақстандық мұғалімдердің пікірталас алаңдарын құру және білім берудің барлық деңгейлерінде сабақтастықты қамтамасыз ету, болашақ педагогтің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеуде жұмыс берушілер мен студенттердің рөлін кеңейту сынды маңызды мәселелер бар.

      Бір аптаға созылатын фестиваль аясында отандық жетекші әдіскер мұғалімдер болашақ педагогтерге ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізбек.

      Сонымен қатар, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жетекші ғалымдарының шеберлік сыныптары да ұйымдастырылады.

      «Кластерлік білім беру – жүзеге асыру және перспективалары» атты педагогикалық идеялар фестивалінің бағдарламасы мына жерде.  

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: