Университет әлеуметтік медиа мен БАҚ рейтингсінде бірінші орында



    • Университет әлеуметтік медиа мен БАҚ рейтингсінде бірінші орында

      АЛМАТЫ. 5 қараша. Баспасөз орталығы – Біздің Университет қазақстандық жоғары оқу орындарының әлеуметтік медиа мен БАҚ рейтингсінде бірінші орынға ие болды.

      Мониторингті Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізді.

      Рейтингке мемлекеттік, салалық және жекеменшік жоғары оқу орындары қатысты.

      Айта кетейік, Қыздар университеті бұған дейін де осы тарапта жүргізілген рейтингтерде әрқашан көш басында болып келеді.

      Сараптама барысында оқу орнының әлеуметтік желідегі ресми парақшалары мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрген имидждік материалдар саны, жалпы контенттің сапасы басты назарға алынған.

      Мониторинг тұрақты жүргізіледі және оның нәтижесі ведомствоның жиынында жарияланып отырмақ.

      – Университеттің ақпараттық-имидждік саясатын тиісті деңгейде бағалап, қолдау көрсетіп отырған Білім және ғылым министрлігіне алғыс айтамыз.  Мақсатымыз – білім және ғылым саласында жасалып жатқан жұмыстарды жан-жақты ақпараттандыру, оқу орнының қоғамдағы имиджін көтеру. Біздің миссия осы тараптағы рейтингтерде әрдайым алғы шепте болу. Оқу орнының беделін арттыру бағытында әрдайым сапаға мән береміз, – деп атап өтті Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры Жандар Асан.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: