Президент шәкіртақысының иегері: Несібелі Күмісбек



    • Президент шәкіртақысының иегері: Несібелі Күмісбек

      АЛМАТЫ. 17 қараша. Баспасөз орталығы – Біз оқу үлгерімі мен Университеттің қоғамдық жұмысына белсенді атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысына ие болған озат студенттерімізбен таныстыруды жалғастырамыз.

      Несібелі Күмісбек 2001 жылғы 27 шілдеде қазіргі Түркістан облысының Түлкібас ауданында дүниеге келген.

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 4 курс студенті.

      Несібелі Университет қабырғасында білім ала жүріп, түрлі халықаралық, республикалық деңгейдегі білім және ғылыми байқауларға қатысып, жүлдегер атанған.

      Атап айтқанда, 2019 жылы «Жыл студенті» конкурсында «Үздік ғылыми жоба» номинациясымен марапатталды. Ал 2021 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттері арасында өткен пәндік олимпиадада I-дәрежелі диплом иегері атанды.

      Сондай-ақ талантты білім алушы Ресейдің Орлов мемлекеттік мәдениет институтының ұйымдастыруымен өткен студенттердің халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында өзінің зерттеп жүрген жобасын табысты қорғады. Несібелінің «Отандық мәдени салт-дәстүрлерді жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуда пайдалану» тақырыбындағы ғылыми жұмысы шетелдік мамандар тарапынан жоғары бағасын алды.

      Несібелі Күмісбек бірнеше жыл қатарынан Қазақстан Республикасының Президентінің стпиендиясының иегері атанып келеді. Бұл – келешегінен көп үміт күттіретін жасқа үлкен қолдау екендігі рас.

      – 80 жылдық тарихы бар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде оқу маған мол мүмкіндіктерге жол ашты. Күнделікті сабақ оқумен ғана шектелмей, ғалымдар мен оқытушыларымыздан көп нәрсені үйрене білдім. Түрлі ғылыми жобалар мен конкурстарға қатысып, жеңімпаз атануым – ұстаздарымның еңбегінің арқасы деп айтқым келеді. Алдағы уақытта мақсатыма жету жолында еңбектене беретін боламын, – дейді Несібелі Күмісбек.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: