Бүгін – Халықаралық студенттер күні



    • Бүгін – Халықаралық студенттер күні

      АЛМАТЫ. 17 қараша. Баспасөз орталығы – Бүгін – Халықаралық студенттер күні. Әр адамның жадында ерекше естеліктерімен жатталып, көңіл төрінде қатталып қалған студенттік кезең ешқашан ұмытылмайды. Атаулы датамен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерін құттықтаймыз!

      Бұл датаның қалай және қашан студенттер күні деп аталғанына қысқаша тоқталып өтсек.

      Деректерге сүйенсек, Халықаралық студенттер күні 1946 жылы Чехияның астанасы Прага қаласында аталып өтілді. 1939 жылғы 17 қарашада фашистік неміс басқыншылары атып өлтірген чех патриот студенттерін еске алуға арналған дүниежүзілік студенттер конгресінде 17 қарашаны патриот чех студенттерінің құрметіне «Халықаралық студенттер күні» деп атау бекітілді.

      Студенттер күні алғаш рет 1941 жылы 17 қарашада Лондон қаласында өткен.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: