Республикалық пәндік олимпиада өтеді



    • Республикалық пәндік олимпиада өтеді

      АЛМАТЫ. 18 қараша. Баспасөз орталығы – Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 10 желтоқсанда Университетте мектеп оқушылары арасында пәндік олимпиада өтеді.

      Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытып, олардың танымдық және шығармашылық қарым-қабілетін дамытуды мақсат еткен білім сайысы Тарих кафедрасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

      Олимпиада екі кезеңнен тұрады.

      Алғашқы айналымда қатысушылар «Тәуелсіздіктің 30 жылы – жастар жанарымен» тақырыбында ғылыми эссе жазады. Эссе тақырыпты ашу, мәселені шешу жолдарын жан-жақты ойластырып, ұстанымын қорғай білу, лексикалық және грамматикалық нормаларды сақтау сынды критерийлер бойынша бағаланады.

      Эссенің көлемі 2-3 беттен аспауы тиіс.

      Ал екінші турда оқушылар «Тарихи тұлғалар», «Азаттық жолындағы шайқастар» тақырыптарындағы викториналық сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан тарихы бойынша тест тапсырмаларын орындайды.

      Екі кезең бойынша ең жоғары балл алған қатысушылар сайыс жеңімпазы болып табылады.

      Олимпиада туралы толық білгіңіз келсе мына байланыс телефондарына хабарласыңыз: +7 727 278 10 24; +7 771 452 57 41.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: