Финляндия университеттерімен меморандум жасалды



    • Финляндия университеттерімен меморандум жасалды

      АЛМАТЫ. 30 қараша. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Финляндияның JAMK қолданбалы ғылымдар Университетімен және HAMK қолданбалы ғылымдар Университетімен үшжақты ынтымақтастық меморандум жасады.

      Құжат академиялық, әкімшілік және оқу мәселелері бойынша әріптестікті, біліктілікті арттыру және бағдарламалар бойынша дәреже алу, ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларды жүзеге асыруда өзара ынтымақтастықты қарастырады.

      Сондай-ақ меморандум шеңберінде білім алушылар, профессор-оқытушылар мен әкімшілік персонал алмасу, семинарлар мен ғылыми іс-шараларға бірлесе қатысу жүзеге аспақ.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz​​​​​​​

      Бөлісу: