Парсы тілінен пәндік олимпиада өтті



    • Парсы тілінен пәндік олимпиада өтті

      АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. Баспасөз орталығы Бірнеше жылдан бері Университетте парсы тілі екінші шетел тілі ретінде оқытылуда. Сол уақыттан бері Алматы қаласындағы  Иранның Бас Консулдығы жанындағы мәдени орталығы оқулықпен, техникалық құралдармен қамтамасыз етіп келеді. Сондай-ақ орталық жылда тіл үйренушілердің білімдерін шыңдау үшін Иранға тіл ұстарту курстарына студенттер, магистранттар мен докторанттарды және оқытушыларды жіберуде. Бұл қос ел арасындағы ынтымақтастық аясын арттыруға өз септігін тигізуде.

      Осы үрдіс аясында оқу орнында парсы тілінен олимпиада өтті.

      Шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы мен Иранның Бас Консулдығы жанындағы мәдени орталығының ұйымдастыруымен өткен білім сайысына Алматы қаласындағы парсы тілінде оқитын жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

      Бірнеше кезең бойынша өткен олимпиада қорытындысы бойынша Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1 курс студенттері А. Бекмурзина бірінші орынға, Г. Қилыбаева екінші орынға, Р. Абдрахман үшінші орынға ие болды.

      Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйақымен марапатталды. Сондай-ақ олимпиадаға қатысқан өзге де студенттерге сертификаттар берілді.

      Қазақстанда парсы тілі 1989 жылдан бастап оқытыла бастады. Бірақ соңғы жылдары Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени  байланыстар қарқынды дамып отыр. Атап айтқанда, студенттер алмасуы, ұлы ғұламалар еңбектерінің аудармалары, ғылыми-әдеби, тарихи конференциялардың бірлесіп өткізілуі бұл сөзімізге дәлел болады. Сондай-ақ, парсы тіліне қызығушылық танытатын оқытушылар мен тарихшылар Иранға шақыртылады және бірлескен мәдени конференциялар өткізіліп, осындай мәдени шараларға қатысуға мүмкіндік алады. Бүгінгі олимпиаданы өткізуге қолдау көрсеткен Мәдени орталық басшылығына алғыс білдіреміз, – деді Университет өкілдері.

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: