Кәсіподақ ұйымының марапаттары тапсырылды



    • Кәсіподақ ұйымының марапаттары тапсырылды

      АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. Баспасөз орталығы Ел егемендігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бірқатар оқытушысы мен қызметкері кәсіподақ ұйымының төсбелгісімен марапатталды.

      Атап айтқанда, «Кәсіподақ ардагері» алтын төсбелгісімен Мұрат Бурунчин, Людмила Кремер, Жанат Сералиева, Бақытжамал Бағашарова, Анар Икрамова, Ләззат Әділбекова, Нұрсипа Карменова, Гүлнар Шаинова, Руда Зайкенова сынды белсенді оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды.

      Ал «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» күміс төсбелгісімен Гүлнар Ақан, Тоты Тұрғанбаева, Гүлбану Қаптағай, Махаббат Беркутбаева, Светлана Миркенова, Бақыт Сағындық, Айжамал Мусина, Анар Қалиева және Толқынай Айболатова сынды оқу орнының қызметкерлері бар.

      Марапаттарды Университеттің Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай табыстады.

      Бүгінде кәсіподақ ұйымы көптеген игілікті істерге ұйытқы болып, білім және ғылым саласындағы мамандардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында бірқатар жұмыстар жасауда. Кәсіподақ осы жылдар аралығында мемлекеттік міндеттемелер мен бағдарламалардың нақты жүзеге асуына мүмкіндігінше атсалысып келеді, – деп атап өтті Гүлмира Қанай.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: