Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті



    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті

      АЛМАТЫ. 2 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің Университеттің басты бағыттарының бірі. Оқу орнында жемқорлықты түбегейлі жою және академиялық адалдықты сақтау жаңа бағытта жұмыс істеуде. Бұл ретте студенттік қоғам да өз үлестерін қосуда.

      Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай жастар форумында да осы мәселе жан-жақты таразыланды.

      «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы жиынға Университеттің Комплеанс қызметінің өкілдері, профессор-оқытушылар, ардагер-ұстаздар, «Nur Otan» партиясының «Ұлағат» бастауыш партиясының мүшелері және білім алушылар қатысты.

      – Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда. Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап бұл аса ауыр қылмыстарға қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты, – деп атап өтті форум ұйымдастырушыларының бірі, ғылым кандидаты Ақмарал Қожабекова.

      Форумда студенттерді адалдыққа үйрету туралы маңызды ақпараттар айтылып, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуындағы кедергісі туралы мәліметтер берілді.

      Сондай-ақ «Академиялық адалдық дегеніміз не?», «Бұл мектеп пен жоғары білім беруде маңызды болып табылады ма?», «Академиялық адалдықтың жоғары стандарттарын не үшін қолдау қажет?» деген сұрақтарға жауап берілді.

      – Академиялық адалдық – жазбаша жұмыстарды орындау кезінде, емтихандағы жауаптарда, зерттеулерде, өз ұстанымын білдіруде, академиялық қызметкерлермен, оқытушылармен және басқа студенттермен өзара қарым-қатынаста, сондай-ақ бағалауда студенттің шыншылдығын білдіретін құндылықтар мен қағидалар жиынтығы. Сондай-ақ бұл қағида сыбайлас жемқорлықпен күресті де қарастырады, – деп атап өтті мамандар.

      Маңызды мәліметтер қамтылған форум соңында қатысушылар тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті.

      P.S.: Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы жасалған.

      Оқу мекемесінің басшылығы мен студенттер арасындағы байланыс:

      Ректор блогы;

      - Call-орталығы: +7 727 237 00 05;

      - Университеттің корпоративті электронды поштасы: info@kazmkpu.kz

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: