Жандар Асан бірқатар жетекші республикалық БАҚ-қа сұхбат берді



    • Жандар Асан бірқатар жетекші республикалық БАҚ-қа сұхбат берді

      АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Күнтізбедегі ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алып тұрып өткенге көз жүгірту, істеген істі сараптау – болашақты бағдарлаудың тиімді жолы. 80 жылдық тарихы бар біздің Университет үшін 2021 жыл елеулі жаңалықтар мен айтулы оқиғаларға толы жыл болды.

      Осы жылы оқу орнында қандай жұмыстар еңсерілді? Нендей жаңашылдықтар енгізілді? Сапалы ұстаз мамандарын даярлау бағытында келешекке деген қандай жоспарлар бар?

      Осы және өзге де сауалдарға Университеттің Коммуникация және маркетинг департаментінің директоры Жандар Асан бірқатар жетекші республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен болған сұхбатта жан-жақты жауап берді.

      Сұхбаттың толық нұсқасы мерзімді басылымдар мен ақпарат агенттіктерінде жарияланады.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: