Паралимпиада жүлдегерлері студенттермен кездесті



    • Паралимпиада жүлдегерлері студенттермен кездесті

      АЛМАТЫ. 3 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Өмірге құштарлық. Жігері жасымаған жандар. Темірдей төзім. Университет студенттері Паралимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесуінде осы ұғымдардың мәні мен мағынасын терең ұғынды.

      Басқосуды оқу орнының Басқарма төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай ашып, қатысушыларды таныстырып өтті.

      – Бүгін Сіздермен кездесуге Еуропа пара-таеквондо Чемпионатының чемпионы, Қазақстанның спорт шебері Камиля Досмалова, Қазақстан Паралимпиадалық Спартакидасының жеңімпазы, пара-таеквондошы Нұрбек Жұмақан және Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, белгілі спорт майталманы Мұстафа Өзтүріктің шәкірті, таеквондошы Сұлтанмахмұт Шоқбытов келіп отыр. Сіздер қажымас жігер мен мықты рухтың үлгісі екендіктеріңізді атап өткім келеді, – деді Гүлмира Қанай.

      Кездесуде спорт саңлақтары жетістікке жету жолдары жайлы айтып, студенттерге ақыл-кеңестерін берді.

      Тағылымды басқосуды Университеттің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Жанар Рысбекова қорытындылап, Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне сый-сияпат көрсетті.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: