Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтті



    • Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай халықаралық конференция өтті

      АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. Баспасөз орталығы – Соңғы 30 жылда Қазақстан қандай жетістіктерге жетті? Елді жаңғыртуға бағытталған реформалар қаншалықты нәтижелі жүзеге асты? Мемлекеттің алдағы даму траекториясы қандай болмақ? Бүгін Университетте осы сауалдарға жауап іздеген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      Ел егемендігінің 30 жылдығына арналған алқалы басқосуға отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен саясаткерлер қатысты.

      Жиынның пленарлық отырысында Түркияның Кастомону университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Олжобой Каратаев «Енисей қырғыздарының қызмет ету культі (VI-X ғғ.)», Мирзо Улугбек Өзбекстан Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Рахбар Муртазаева «Орталық Азия мемлекеттерінің ынтымақтастығы – тұрақты дамудың кепілі», Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы Сафура Қалдыбаева «Цифрлы Қазақстан: Жаһанданудың тарихи кезеңі» тақырыбында баяндама жасады.

      Бұдан өзге конференция жұмысы 4 секцияда жалғасты.

      «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары» секциясында 12 баяндама, «Ұлы дала өркениетіндегі ұлт зиялыларының ой-танымдық мұрасы» секциясында 20 баяндама, «Жаһандық саясаттағы Қазақстан және Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың рөлі» секциясында 12 баяндама, «Заманауи педагогикалық кадрларды даярлаудағы жаңартылған білім беру бағыттары» секциясында 20 баяндама жасалды.

      Баяндамашылар ұлт тарихындағы елеулі оқиғалар мен Тәуелсіздік дәуіріндегі маңызды саяси өзгерістерді таразылап, кәсіби тұрғыдан баға берді. Сонымен қатар тарихи тұлғалардың мемлекеттілікті қалыптастыру турасындағы рөлі жайында да әңгімеледі.

      МЕДИА

      Маркетинг және коммуникациялар департаменті

      Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05

      e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz

      Бөлісу: