Ғылым мен білімді жаңғырту аясында халықаралық іс-шара өтті



    • Ғылым мен  білімді  жаңғырту аясында  халықаралық іс-шара  өтті

      АЛМАТЫ. 8 желтоқсан.Баспасөз қызметі – Университетте Тәуелсіздіктің  30 жылдығы мен  «Рухани жаңғыру» мақаласының  5 жылдығына  орай, және доцент  Рысмахамбет Жексембиевті еске  алуға  арналған «Ғылым мен  білімді жаңғыртудың  аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференция өтті.

      Халықаралық іс-шараны ұйымдастырушы  Жаратылыстану  институтының  Биология  кафедрасы.

      Конференцияға Түркия мемлекетінен Нийде Өмер Халисдемир университетінің доценті – ​Ела Айше Коксал, профессор – Мехмет Екиз, Эрджиес университетінің доценті – Фуля Өнер Армаган, Анкара қаласы Башкент университетінің профессоры – Сүйер Екер ​арнайы қонаққа келді. Сонымен қатар, Қазақ Ұлттық қыздар университеті, Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор – Зәкір Жұмағұлов, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  доценті – Солтанбек Қасенов қатысты.

       Конференцияда  көтерілген басты  тақырыптар биология  және  экология  ғылымдарының  өзекті мәселелері, химия  ғылымының  инновациялық дамуы, географиялық білім  берудің  заманауи  үлгілерін,  жалпы  білім  мен  ғылымды  ынтымақтастыра  дамытудың  жүйелі  аспектілері туралы  болды.

      Онлайн форматта  өткен  жиынға  жоғарғы  оқу  орнының  оқытушылары  мен  ғылыми зерттеу  орталықтарының  қызметкерлері,  магистранттар мен  докторанттар,  мектеп,  колледж мұғалімдері  тікелей  байланысқа  шығып,  өз баяндамаларын оқыды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: mar.com@qyzpu.edu.kz                           

      Бөлісу: