QyzPU ұжымы: «Сенім алға жетелейді»



    • QyzPU ұжымы: «Сенім алға жетелейді»

      АЛМАТЫ. 31 ҚАҢТАР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – «Сенім алға жетелейді». Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Хабар» агенттігіне берген эксклюзивті сұхбатына орай пікір білдірді.

      Жандар АСАН

      Коммуникация және маркетинг департаментінің басшысы

      «Қазақстанның егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналуына, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түсуіне баршамыз жауапты екенімізді жадымыздан шығармағанымыз абзал. Ал бұл тұрғыда Президент нақты бағыт-бағдар берді деп ойлаймын»

       

      Адамбек ТАТЕНОВ

      физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор

      «Мемлекет басшысының сұхбаты өте маңызды болды. Себебі оны халық тағатсыздана күтті. Президент өз сөзінде қаңтардағы қайғылы оқиғаларға кезең-кезеңмен тоқтап, оның неден болғанын, сыртқы күштердің ықпалын тарқатып берді»

       

      Бибігүл ИМАНБЕКОВА

      саяси ғылымдар докторы, профессор

      «Президент айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрамыз десек, онда дәл қазіргі уақытта ашықтық саясаты керек. Ең алдымен кешегі сұхбатта «Қасіретті қаңтарға» қалай тап болғанымыз жөнінде, сол уақыттағы бізге беймәлім болған жайттар ашық айтылды»

       

      Айжан САЛИМЖАНОВА

      Гендерлік ғылыми-зерттеу институтының қызметкері

      «Президенттің сенбі күнгі сұхбатын үлкен ықыласпен тыңдадым. Алғашқы минуттардан-ақ оның ашықтығын, шынайылығын және диалогқа оң қарайтындығын сезіндім. Ең бастысы бүгінде барлық азаматтың көкейінде жүрген мәселелер жан-жақты талқыға түсті»

      МЕДИА

       

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: