QyzPU студенті әлем чемпионатының жеңімпазы атанды



    • QyzPU студенті әлем чемпионатының жеңімпазы атанды

      АЛМАТЫ. 1 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Университет студенті әлемдік спорт жарысында жеңімпаз атанды! Педагогика және психология институтының 2 курс студенті Аяулым Ұлан ережесіз жекпе-жектен  өткен (ММА — «mixed martial arts») Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

      24-29 қаңтар күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Абу Даби қаласында өткен әлемдік спорт жарысына 56 мемлекеттен 421 спортшы қатысты. Чемпионат 18-21 жас (жастар) және 21+ (ересектер) жас санаттарында өткізілді. 

      Жарыс жолында Аяулым 47,6 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жартылай финалда мексикалық Валерия Гоместен жеңіліп, қола медальға ие болды.

      – Әлем чемпионатына Қазақстан атынан 29 салмақ дәрежесі бойынша 42 спортшы қатысты. Жартылай финалдық белдесулерді Қазақстан құрамасының 22 спортшысы өткізді. Соның ішінде мен де бардым. Спортта бірде жеңсең, енді бірде жеңілесің. Бұнымен тоқтап қалмаймын. Қазір биылғы жылдың наурыз айында ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына  дайындалудамын. Ары  қарай  елімізде  өткелі  жатқан Азия чемпионатына  қатысып, жүлделі  орындарға ие  болсам деген мақсатым бар, – дейді Аяулым.

      QyzPU-да «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқитын талантты бойжеткеннің бұған дейін қол жеткізген жетістіктері аз емес. Атап айтқанда ол ММА бойынша Қазақстан Кубогінің бірінші орын иегері, панкратионнан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, панкратион бойынша Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, грэпплингтен және ММА бойынша Қазақстан чемпионы.

      Студентімізді спорттағы қол жеткізген табысымен құттықтаймыз!

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz        

      Бөлісу: