Латвияда оқығыңыз келе ме?



    • Латвияда оқығыңыз келе ме?

      АЛМАТЫ. 15 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Құрметті достар, Сіздерге Латвияның 2022-2023 оқу жылында мемлекеттік стипендиясына өтінімдер қабылдай бастағаны туралы хабарлаймыз.

      Латвия Үкіметі мен бірнеше ел арасында жасалған білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты келісімдерге сәйкес, аталған мемлекет 2022 жылы жоғары оқу орындарындағы жазғы мектептерде білім алу және қатысу үшін шетелдік студенттерге, зерттеушілер мен оқытушыларға стипендия ұсынады. Латвияның Білім және ғылым министрлігі Латвияның мемлекеттік стипендияларын басқаруды Білімді дамытудың мемлекеттік агенттігіне тапсырды (Valsts izglitibas attistibas agentura – VIAA).

      Айта кету керек, 2022 жылы зерттеу стипендиясына қабылдау жарияланбайды.

      І. Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған келесі елдердің азаматтары:

      • Әзірбайжан
      • Бельгия (Валлония Федерациясы – Брюссель)
      • Болгария
      • Хорватия
      • Кипр
      • Финляндия
      • Франция
      • Грузия
      • Израиль
      • Италия
      • Қазақстан
      • Қырғызстан
      • Мексика
      • Молдова
      • Моңғолия
      • Перу
      • Польша
      • Оңтүстік Корея
      • Испания
      • Тәжікстан
      • Қытай Халық Республикасы
      • Түркия
      • Түрікменстан
      • Украина
      • Өзбекстан

      ІІ. Латвиялық студенттерге, зерттеушілерге және оқытушыларға  білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы ресми келісімдерсіз стипендия ұсынатын келесідей елдердің азаматтары

      • Австрия
      • Чех Республикасы
      • Дания
      • Эстония
      • Германия
      • Грекия
      • Венгрия
      • Исландия
      • Индонезия
      • Жапония
      • Литва
      • Норвегия
      • Словакия
      • Швеция
      • Швейцария
      • Америка Құрама Штаттары

      Толық ақпарат алу үшін сілтемеге өтіңіз

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: