Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды



    • Білім және ғылым министрінің «Алғыс хатымен» марапатталды

      НҰР-СҰЛТАН. 17 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Коммуникация және медиа департаментінің басшысы Жандар Асан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің «Алғыс хатымен» марапатталды.

      Сондай-ақ ол қазақстандық жоғары оқу орындарының баспасөз қызметкерлерінің біліктілік арттыру мақсатындағы семинар-тренингіне қатысты.

      Асхат Аймағамбетов жоғары білім саласындағы жаңалықтар мен реформаларды көпшілікке дұрыс әрі түсінікті тілде жеткізе білу үшін біліктілік арттыру аса маңызды екендігін айтты.

      Ведомство басшысы қоғаммен байланыс тәсілдерін жетілдіріп, жоғары оқу орындарының ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.

      Айта кетейік, тренинг барысында әлеуметтік желідегі коммуникациялық менеджмент және SMM тақырыптары бойынша маңызды ақпараттар айтылды.

      Өз кезегінде жиынға қатысушылар «ашық микрофон» форматында ұсыныс-пікірлерін айтып, өзара тәжірибе алмасты.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: