Ұлы ғалымға арналған халықаралық конференция өтеді



    • Ұлы ғалымға арналған халықаралық конференция өтеді

      АЛМАТЫ. 23 АҚПАН. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Атақты ғалымның ғылыми мұрасы зерделенеді. 3 наурызда QyzPU University-да көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, академик Зәки Ахметовтің құрметіне арналған жас ғалымдардың халықаралық конференциясы өтеді.

      «Зәки Ахметов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы дәстүрлі жиынға отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады деп күтілуде.

      Конференцияда профессор Зәки Ахметовтің зерттеулеріндегі әдебиеттану ғылымы, түрік халықтарының әдебиеті және даму үрдістері, қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері және қазіргі білім беру жүйесіндегі әдебиет пен тілді оқыту әдістемесі сынды мәселелер қарастырылады.

      Ғылыми басқосу оффлайн және онлайн форматтарды (Zoom платформасы) өтеді.

      Мерзімі: 03.03.2022

      Уақыты: 14:00

      ID: 661 918 1867;

      Паролі: 123456.

      Студенттерді тіркеу: сағат 13.30

      Конференцияға келіп түскен жұмыстар арнайы жинақ болып жарық көреді.

      Үздік мақала авторлары дипломмен марапатталады.

      Тақырыпқа сай мақалаларға басымдық беріледі.

      «Зәки Ахметов және қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы жас ғалымдардың халықаралық конференциясының ақпараттық хатын мына жерден жүктеуге болады.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: