«Тәуелсіз ел тұғыры – дарынды ұрпақ» атты оқушылар олимпиадасы өтті.



    • «Тәуелсіз ел тұғыры – дарынды ұрпақ» атты оқушылар олимпиадасы өтті.

      АЛМАТЫ. 22 қаңтар – Баспасөз орталығы. Жоғарғы  оқу орындарының арасында көркем еңбек пәнінен оқушылар олимпиадасы алғаш рет Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде  ұйымдастырылып отыр. Олимпиаданың өтуіне ұйытқы  болған  әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдар және өнер институты «Кәсіптік білім» кафедрасының  профессоры Н.Б.Рахметова, магистр, аға оқытушы Ғ.А.Абдурахманова, аға оқытушы Л.Ш.Бакирова. Республика  көлемінде өткізілген дарынды оқушылар додасы   Қазақстан Республикасының  30 жылдығына  арналған. 

      Олимпиаданың басты мақсаты оқушылардың  «Көркем еңбек» пәнінен жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде алған білімдерін, шығармашылық шеберліктерін мен болашақ мамандыққа бағыттау мүмкіндіктерін анықтау болып табылады.

      Іс-шараның салтанатты ашылуында  институтымыздың директоры Жамал Базылқызы сөз бастап, қатысушыларға университетіміздің тарихы, жетістіктері жайлы баяндап, олимпиаданың ережелерімен таныстыра отырып, сәттілік тіледі.

      Олимпиадаға Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстары және Алматы қаласы бойынша барлық мөлтек аудандардан 48 оқушы қатысты. Олимпиада үш кезеңнен тұрды.

      1 кезең «Көркем еңбек», «Графика және жобалау» білім беру бағдарламасының  мазмұнына негізделіп, әрбір нұсқасында қазақ және орыс тілінде 25 сұрақтан құралған электронды түрде тест қабылданды. Тест компьютер желісінде өтті. Ең жоғарғы бал жинаған оқушы 50 пайыздан 49 бал, ал ең төменгісі 16 бал жинап, 2-ші кезеңдегі турға өтті.

      2 кезеңде  «Визуалды өнер», «Сәндік-қолданбалы өнер» және «Дизайн технология» бағыты бойынша шығармашылық жұмыс тапсырмалары берілді.  «Визуалды өнер» бағыты бойынша үш денеден тұратын, үш түрлі натюрморт қойылды. 

      «Сәндік-қолданбалы өнер» бағыты бойынша үш түрлі көркемдік қабырға панносын орындау мүмкіндігі берілді. Онда 0,5 метр фетр матасына тасмоншақ, биссер, әшекей тастарды  арнайы құралмен  желімдеу арқылы 40х30 см көлемде өз қиялдарынан компазиция құру тапсырмасы берілді.

      «Дизайн және технология» бағыты бойынша үш түрлі жеңіл көйлек үлгісі ұсынылып, А4 қағазына оның конструкциялық сызбасын және модельдік ерекшеліктерін анықтау тапсырмасы қарастырылды.

      Осы 2 кезеңді бағалауда  композициялық бейненің сауатты орындалуы, эскизді жасауға және орындалу техникасына, технологиялық сапасына, мазмұнына, соңғы өңделуіне үлкен мән берілді.

      3 кезеңде әр қатысушы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өздері таңдаған тақырыпқа дәстүрлі және заманауи өнер туындыларына бағытталған ғылыми жобаларын қорғады. Бұл жұмысты  бағалау критериі бойынша жұмыстың мазмұнын ашу және зерттеу нәтижесінің тиімділігі ескерілді.

      Олимпиаданы қорытындылау барысында ұйымдастырушылардан құралған комиссия шешімімен үш номинация бойынша орындаған шығармашылық жұмыстар мен қорғаған ғылыми жобаларына жүлделі орындар берілді.

      Визуалды өнер номинациясы бойынша  Алматы қаласы №21 гимназия оқушысы Бисенова Ризагуль ең үздік ғылыми жоба дипломымен марапатталды. Жетекшісі – Жаримбетова Гульсая Касымбековна.

      «Сәндік-қолданбалы өнер» номенациясы бағытында Алматы қаласы №147 гимназия оқушысы Бұрхан Нұрай Токабаева Гульназ Кыдырбаевнаның жетекшілігімен «Таңбалы тас» – тақырыбында  ең үздік ғылыми жоба дипломымен марапатталды.

      «Дизайн технология» номинациясымен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Манашы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Күзенбаева Ақмарал Бахытқызының Абсерова Кыйгаш Базарбаевнаның жетекшілігімен орындаған  «Этностилдегі ұлттық киімдер» тақырыбында жасаған жұмысы ең үздік ғылыми жоба дипломымен марапатталды.

        І, ІІ, ІІІ орын алған мектеп оқытушыларын атап өтсек,  Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» КММ оқушысы Бақбергенова Жанель «Қазақтың ұлттық камзолын трансформациялау» Болатбаева Сайракул Казимовнаның жетекшілігімен І дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

      Умирбекова Саян Турсынбаевнаның жетекшілігімен «Тәуелсіз елім» пейзажын салған Алматы облысы, Талғар ауданы, Еламан ауылы, №41 жалпы білім беретін орта мектептің оқушысы Нұрланқызы Шынар,  Алматы қаласы, Наурызбай ауданы, №157 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Бимаганбет Айдана Нұралханқызы сәндік қолөнер шығармашылық бағытында Тастанбек Дария Мықтыбекқызының жетекшілігімен І дәрежелі дипломдармен марапатталды.

      Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылы, Томар ауылының №22 ЖББ мектебінің оқушысы Дидарқызы Зарина Ілияш Айжан Амангелдіқызының жетекшілігімен ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

      Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған  «Тәуелсіздік ел тұғыры – дарынды ұрпақ» атты көркем еңбек пән  олимпиадасын марапаттау рәсіміне  Алматы қаласы, Алматы облысының оқушылары жетекшілерімен шақырылып, институт директоры Аширбекова Жамал Базыловна мен кафедра білім беру бағдарламасының көшбасшысы Кырыкбаева Сара Мукашевнаның марапаттауымен өтті. «Көркем еңбек» пәнінен өткізілген  олимпиаданы университеттер арасында қыздар университеті алғаш ұйымдастырып отырғанына   ризашылдықтарын білдіріп, осы іс-шара өз жалғасын табады деген тілектерін білдірді.

      Кафедрамыздың кәсіби бағдарына жауапты Г.А.Абдурахманова олимпиадаға қатысушы оқушылар мен олардың жетекшілеріне «Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік», «Визуалды өнер, графика және жобалау» мамандығы  туралы,  университетіміздің ерекшеліктері мен жетістіктері жайлы сұхбат жүргізіп, болашақ мамандардың  осы  салаға  қызығушылығын арттырды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: