Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті



    • Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

      АЛМАТЫ. 24 желтоқсан. Баспасөз орталығы - 2021 жылдың 24 желтоқсанында    Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Әлеуметтік-гумаинтарлық ғылымдар және өнер институтының Кәсіптік білім кафедрасында «Пандемия кезіндегі көркемдік білім беру: мәселелер және жаңа шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық online- конференция өтті.

      Халықаралық ғылыми-практикалық online-конференцияға жақын және алыс шетелдің Жоғары оқу орындарынң профессор-оқытушылары, отандық ғалымдар мен докторанттар, магистранттар  Атап өтетін болсақ, Түркия елінен Анталия Ақдениз университеті, Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті, Өзбекстан Республикасы  Қаршы мемлекеттік университеті, сонымен қатар Отандық ЖОО бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚҰПУ, Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Е.А. Букетоа атындағы Қарағанды университеті, ҚазҰлтҚызПУ және тағы басқалары.

      Мәскеу мемлекеттік облыстық университетінің «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» кафедрасының профессоры,  ғылыми жұмыс жөніндегі деканның орынбасары,  педагогика ғылымдарының докторы Сейтқали Әбдіқадырұлы Аманжолов спикер болып, конференцияның барысында қатысушылармен жоғары оқу орындарында және ғылыми мекемелерде көркемдік білім беру жүйесін жүзеге асыру барысын, қашықтықтан оқытудың инновациялық технологияларын қолдану тәжірибесі аясында өзекті мәселелерді талқылап, конференцияның өтілу барысына зор үлесін қосты. Ғылыми-практикалық online-конференцияда Өзбекстан Республикасы  Қаршы мемлекеттік университеті профессоры, т.ғ.к. Ф. Э. Очилов,  Ақдениз университетінің қауымдастырылған профессоры Мариям Язиева, Ақдениз университетінің профессоры Ömer ZAİMOĞLU, Мәскеу мемлекеттік облыстық университеті профессоры А.А.Шульгина пленарлық баяндамаларымен өзекті мәселелерді қарастырылды. Оnline-конференцияны қорытынды бөлімінде қатысушылар ЖОО пандемия кезіндегі көркемдік білім беруді қашықтықтан оқытудың өзіндік жұмысты ұйымдастыру жолдарын талқылап, заманауи білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу үрдісіннің сапасын қалай жақсарту керектігі туралы ұсыныстарымен бөлісті.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: