«Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студентімен танысу



    • «Өзіміз туралы өзіміз айтамыз»: «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының студентімен танысу

      АЛМАТЫ. 3 наурыз. Баспасөз орталығы –  Біздің Университеттегі сұранысқа ие мамандықтардың бірі – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі». Бұл мамандық туралы Ақерке Қасенова айтып береді. Оқып, Ақеркемен және мамандықтың мүмкіндіктерімен таныса отырыңыздар.

       

      – Ақерке, өзіңді таныстырып өтсең.

      – Кеш жарық, есімім Ақерке. Жасым 20-да. 3 курс студентімін. Қазіргі таңда кәсіби практика бойынша мектепте оқушыларға сабақ беріп жүрмін.

       

      – QyzPU сені несімен қызықтырды?

      – Бұл Университет туралы естігінде, көптеген мүмкіндіктер бар екендігін айтып жатады, мысалы, студенттер үшін барлық жағдайдың жасалуы, қызықты сабақтар, шет елге тәжірибеге шығу.

       

      – Педагогикаға деген қызығушылық қайдан пайда болды?

      – Мектепте оқып жүрген кезімде сынып жетекшіме әрдайым қызыға қарайтынмын. Сол кісіден үлгі алатынмын. Ата-анам да ұстаздық жолды таңдағаныма риза.

       

      – Педагогикалық мамандықтарды таңдаған талапкерлерге қандай кеңес берер едің?

      – Қазір педагогтерге деген көзқарас өзгеріп келеді. Меніңше, ең маңызды мамандықты таңдап жатырсыздар. Студент кезіңізде, білесіздер,  педагогикалық мамандықта оқитын студенттердің стипендиясы ең жоғары, мұғалімдердің еңбекақысы да артуда. Педагогика қазір трендте.

       

      – Академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы оқуды қалайсың ба?

      – Әрине, қалаймын. Университетіміздің артықшылықтарының бірі – академиялық ұтқырлық және қосдипломды білім беру бағдарламалары жақсы жолға қойылған. Шетелдік тәжірибені меңгеру басты мақсаттарымның бірі

       

      – QyzPU-ды не үшін таңдауы керек?

      – Мен үшін QyzPU – ол көп мүмкіндіктер мен толық қолдау.  Осы Университет студенті ретінде бұған толық сенімдімін.

       

      – Жетістіктерің туралы айтсаң...

      – 2021 жылдан бастап «Үздік студенттер академиясының» мүшесімін, сондай-ақ «Қыз Жібек» клубының төрайымымын.

       

      – Болашақтағы мақсатың қандай?

      – Мақсат көп. Ең бастысы – адам болу. Өз саламда үздік болу.

       

      – Сенің мамандығыңның басты артықшылығын атай аласың ба?

      – Барлығының уайымы, оқу бітіргеннен кейін жұмыс таба алмай қалсам деген қорқыныш, ал менің мамандығымда ондай сұрақ туындамайтынын білемін. Әрі қарай мансаптық өсу тек сенің қолыңда.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: