«Road to success» | 4-шығарылым



    • «Road to success» | 4-шығарылым

      АЛМАТЫ. 10 наурыз. Баспасөз орталығы – Біз QyzPU University студенті атана жүріп, жетістікке жеткен білім алушыларымызбен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін назарларыңызға Педагогика және психология институтының 1-курс студенті Нұрзия Назарованы ұсынамыз.

      Нұрзия Назарова – киокушинкай каратэден қара белбеу иегері, халықаралық жарыстардың 3 дүркін чемпионы.

      – Мектепте оқып жүрген кезімнен спортқа деген қызығушылығым пайда болды. Кәсіби маман болмақ ниетпен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына оқуға түстім. Қазіргі таңда оқумен қатар спорттық жарыстарға дайындалу үстіндемін. Жүйелі түрде жаттығуға біздің Университеттің спорттық базасы толық мүмкіндік береді, білікті оқытушылар құрамы қалыптасқан. Басты мақсатым – каратэден әлем чемпионы атану және болашақ спортшыларды тәрбиелейтін білікті бапкер болу. Бұл мақсатыма QyzPU University арқылы қол жеткізгім келеді, – дейді Нұрзия Назарова.

      МЕДИА

       

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: