Қазанама: Қайшыкен Нығыметова



    • Қазанама: Қайшыкен Нығыметова

      АЛМАТЫ. 10 наурыз. Баспасөз орталығы –  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұжымы белгілі ғалым, көрнекті педагог-психолог Қайшыкен Нығметқызы Нығметованың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

      Қайшыкен Нығметова 1954 жылғы 15 ақпанда Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында дүниеге келген.

      1976 жылы сол кездегі Қазақ мемлекеттік қыздар педаогоикалық институтының Мектепке дейінгі тәрбие факультетін «Педагогика-психология» мамандығы бойынша үздік бағамен бітірген.

      Еңбек жолын 1976 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы аудандық оқу бөлімінің әдіскері қызметінен бастаған.

      1978 – 1986 жылдары аралығында Қаскелең педагогикалық училищесінің психология пәнінің оқытушысы болып еңбек етті.

      1986 жылдан бастап Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Психология кафедрасында аға оқытушысы қызметін атқарды.

      Оқу орнында еңбек еткен мерзім аралығында қоғамдық істерге белсенді атсалысты. Өзіндік ізденісімен көзге түсіп, білім және ғылым саласындағы көптеген істерді атқарды.

      Ғалымның авторлығымен «Жалпы психология», «Кемтар балалардың психологиясы», «Психопедагогика здоровья», «Балалар психологиясы» оқулықтары жарық көрді. Сонымен қатар отандық ғалымдармен бірлесіп бірнеше ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.

      2009 жылы «Балалардың психологиялық денсаулығына экологиялық ортаның ықпалы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын табысты қорғады. Осы бағытта жүргізілген іргелі ғылыми зерттеулерінің нәтижесі психология, экология ғылымдары саласына қосылған теңдесіз үлес деп айтуға болады.

      Қазақстандағы психология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан көрнекі ғалымның жарқын бейнесі жадымызда ұзақ уақыт сақталады.

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: