Студенттер үйлерінде оқырман залдары ашылды



    • Студенттер үйлерінде оқырман залдары ашылды

      АЛМАТЫ. 11 наурыз. Баспасөз орталығы – QyzPU University-нің студенттік үйлерінде тұратын білім алушыларымыз үшін жақсы жаңалығымыз бар! Тұрғындардың бос уақытын ұтымды өткізу және студенттердің зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында арнайы оқырман залдары ашылды.

      Бүгінде Университетке тиесілі 7 жатақханадан арнайы орындар заманауи әрі сұранысқа ие әдебиеттермен толықтырылып, қажетті құралдармен қамтамасыз етілді.

      Әдебиеттер қатарында «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру» бағдарламалары мен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша жарық көрген кітаптар бар. Сондай-ақ медиа, тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беретін әдебиеттер де қамтылған.

      Игілікті іске бастама танытқан QyzPU Ғылыми кітапханасы алдағы уақытта студенттердің сұранысына орай кітап қорын толықтыра беретін болады.

      Студенттік ұйым өкілдері мұнда түрлі әдеби кештер мен кездесулер, шығармалар талқылаулар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. 

      Мәдина, №2 жатақхананың тұрғыны:

      «Бізге өте жақсы болды. Оқу барысына қажетті кітаптарды интернеттен жүктемей-ақ осы жерден таба аламыз. Бұл біздің уақытымызды үнемдеуге үлкен көмек болды»

       

      Нұрай, №7 жатақхананың тұрғыны:

      «Бұрын сабаққа бөлмемізде дайындалатынбыз. Ол бізге бірқатар қолайсыздықтар келтіретін. Қазір барлық жағдай жасалған осындай залдардың ашылғанына қуаныштымыз»

       

      Айгерім, №4 жатақхананың тұрғыны:

      «Шынымды айтсам, соңғы кездері интернетте көп отырмайтын болдым. Кітапқа деген қызығушылығым да артып келе жатқан сияқты. Қанша дегенмен орта әсер етеді ғой»

        Коммуникация және маркетинг департаменті

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05             

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz         

      Бөлісу: