Докторантура дипломдары табысталды



    • Докторантура дипломдары табысталды

      АЛМАТЫ. 14 наурыз. Баспасөз орталығы – Апта жағымды  жаңалықпен  басталды! QyzPU жанынан құрылған «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология», «Химия», «Биология» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестен философия докторы (PhD)  дәрежесін алу бойынша докторлық диссертацияларын сәтті қорғап шыққан ізденушілерге диплом табысталды.

      Марапаттау  рәсімі  QyzPU Басқарма  Төрағасы –  Ректор Гүлмира  Қанайдың алғы  сөзімен  ашылды.  Сонымен  қатар,  салтанатты  жиынға  диссертациялық кеңес төрағалары: химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқали Матаев, PhD, қауымдастырылған  профессор Анар Қалиева, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жарқынбике  Сүлейменова  қатысып, диссертацияларын сәтті қорғаған диплом иегерлеріне алдағы ғылыми жолдарына табыс тіледі.

      Ғалымдарға  PhD дипломын QyzPU Басқарма Төрағасы өз қолымен табыстап, құттықтау сөз сөйледі. Диплом алушылардың отбасы мүшелері де салтанатты сәттің куәсі болып, жақындарына  шоқ гүлдерін табыс етті.

      Марапаттау рәсімінен соң, айтулы шара иелері жеке-жеке сөз алып, ғылыми зерттеу жұмысын жазу барысында өздеріне қолдау білдірген ғылыми жетекшілеріне, университет басшылығына және етене жақын туыстарына алғыстарын жаудырды. Салтанатты рәсім естелік суретке түсумен аяқталды.

      Төменде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде» философия  докторы (РhD) бейіні бойынша доктор дәрежесі беріліп, дипломға ие болған ғалымдардың тізімін ұсынамыз:

      • Елшібаева  Калима  Закирқызы – Филология мамандығы  бойынша;
      • Сабденова  Бағила Алтынбековна – Қазақ тілі  мен  әдебиеті мамандығы бойынша;
      • Қасымбекова  Мереке Дәулетбекқызы – Биология мамандығы  бойынша;
      • Мәмбетова  Мәншүк Мұратқызы – Химия мамандығы  бойынша;

      Барша РhD диплом иегерлеріне ғылым жолында жеткен жетістіктеріне табыс тілеп, университет ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймыз!

        Коммуникация және маркетинг департаменті  

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05               

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz           

      Бөлісу: